Жалпы бөлім

Карпфишинг туралы сұхбат

Fishingera.kz: Alex, Атырау жастарын карпфишинг пен фидерге баулып жүргеніңізге алғысымыды білдіреміз. Бүгін карпфишинг туралы әңгімелессек қалай қарайсыз?

Қалай дүрыс аулау керек, қалай жемдеу керек, жақсы жерлерді қалай табамыз, оснасткалар туралы айтсаңыз.

Жаңадан бастаған карпфишердің минимал құралы қандай болуы керек, неден бастауы керек осы турасында.

Alex: Ох..

Карпфишинг туралы айту, фидер жөніндегі әңгімеден де қиын ғой… (Күсініп алды)

Себебі карпфишингте ең бастысы «Ұстадым-жібердім» принципі, бұны бұхараға түсіндіру ең қиынның қиыны.

Ал енді карпфишингті балық аулау тәсілі ретінде қарастырсақ, философиясыз, онда басты мақсат үлкен сазан ұстау, ол үшін сазан балық аулап отырған жеріңе келетіндей жағдай жасау керек және уақ балықтан арылу керек

Карпфишингте ұсақ балықтан арылу үшін бойлдарды қолданады, шаш қондырғысы (волосяная оснастка) арқылы.

Үлкен балық ұстаудың келесі тәсілі оны балық аулап отырған жерге келтіру, Жайықты жағалап жүре бермейсіз ғой.

Fishingera.kz: Балықты қалай келтіреміз, бізде ағыс қатты, бәлкім шұңқыр іздеу керек шығар?

Alex: Балықты аулап отырған жерге шоғырландыру үшін ол жерді дұрыстап жемдеу керек. Дұрыстап дегенім – ол 10 келідей жемді сол жерге төгу керек. Ал жемдеген кезде жеміңіз үнемі бір жерге түспейтін болса, онда балықтың жиналуы туралы әңгіме де жоқ. Жемді және оснастканы үнемі бір жерге лақтырып отыру үшін арнайы карп қармағы керек.  

Шұңқырларда балық дем алады, яғни ол жерлерде қағыс болмауы да мүмкін. Әдетте балық шұңқырдан шыға берісте жайылады, яғни жемдеудегі мақсатымыз шұңқырдағы балықты жайылымға шығару ғой.

Бұл айтқандарым карпфишингтің негізгі қағидалары болса, енді не керегіне тоқталайық.

Қармақ. Шаш қондырғысына (волосяная оснастка) аулаған кезде ілмек балықтың аузына ілінеді, жымыққа аулағандағыдай ілмекті жұтпайды, яғни балықтың шығып кету мүмкіндігі үлкен. Сондықтан балықты баппен, асқан сабырлықпен шығару керек, ал қармақ иілгіш болуы керек, үлкен балықтың соққысын жұтуы керек, сонымен қатар серпімді болуы керек, сіз балықты қалаған жеріңізге бағыттай алуыңыз үшін, подсакқа деген сияқты. Әйтпесе сазан коряга астына кіріп алуы мүмкін. Сонымен қатар қармағыңыз дәл лақтыруды қамтамасыз етуі керек. Бұндай талаптарға карбон қармақтар сай.

Катушкаларға келсек.  Карпфишингте алысқа лақтыруды қамтамасыз ететін факторлардың бірі катушканың шпулясы. Карп катушкаларының шпулясы үлкен болады.  Балықты баппен шығаруда тағы бір үлкен роль ойнайтын мәселе катушканың фрикцион тежегіші. Яғни үлкен шпуля, жақсы фрикцион тежегіші катушка таңдаудағы ең басты принциптер.

Fishingera.kz: Закидушкаға аулау мүмкін бе?

Alex: Сіз закидушкамен әр лақтырған сайын 50-80м қашықтыққа және үнемі бір жерге түсіре аласыз ба? Әйтпесе балық аулайтын жерді жемдеудің мәні болмайды. Ал карпфишингтың негізгі қағидасы балық аулайтын жерді жемдеу

Леска. Карпфишингте 99% монофильді леска қолданады. Өйткені плетенкаға қарағанда леска балық соққысы кезінде созылып амортизатор қызметін де атқарады, балықтың шығып кетуі аз болады. Көбіне 0,35-0,4мм лескалар қолданылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button