Жалпы бөлім

Алғашқы трофей

Таңғы үш отызда үйден қозғалдық, балам ұйықтаған күйі машинаға мінді де құлады. Қалаға соғып жолдас жігітті алып кеттік. Әне міне деп болғанша таң да білінді, күтіп жатырмыз.

Жоғарыдағы видеоны жазып болып, шай ішпекші болдық. Шай құралдарын машинадан түсіргенше бірінші поклевка болды. Жанталасып келіп шығардық. Рекорд. Өз рекордымды жаңарттым. Бұндай сазан әлі ұстамап едім. Осыған дейінгі ең үлкені 3,2 кг.

Қоқандап қойып шай іштік. Екінші поклевка біраз күттірді, арада екі рет жмых ауыстырдым. Айтпағышы жаңа партиямен келген клубника жмығы ұзақ тұрады екен, бір сағатқа толық жетті, қасымдағылар сағат жарымға дейін қарады. Тұрады деді, мен рисковать еткен жоқпын, ауыстырдым.

Екіншісі біріншісінен үлкендеу.

Түс таяды, күн тас төбеде. Өзімізше көлеңкелеген болдық, бірақ босқа бейнет екені айдан анық. Шай болып, баяғыда мұзы еріп, жылуға шақ тұрған суға күніміз түспеді. Қасымызда қона келіп жатырған жігіттер болды, танысып, араласып кеттік. Олар шай ішті, біз шашлык жедік дегендей.

Біз келгенде түнімен дым түспей, біз отырған жерді босатып, біз отырмақ болған жерге көшкен. Бұйырымыс қой.

Әттеген-ай. Асау торманнан айрылып қалдым кетерге жақын. Табиғат ана да — «Осы тойғаның жетер!»- дегендей болды. Шүкір ғой.

Үлкен сазан 6кг, кішісі 5кг.

Түннен қалған ұйқыны ұйықтап, бірден морозкаға тастаған сазандарды кешкісін аршыдым. Бүгін асып жейміз ғо.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close