Жалпы бөлім

Личный рекорд

Балыққа шығу жоспарда жоқ еді. Бүгін вакцинаның екінші компонентін алу керек едім, кеше кешкісін поликлиникадан телефон шалып, жоспарлы екпені дүйсенбіге ауыстырғанын айтты. Іле шала жорыққа дайындалдым, тіпті уақыт тығыз боп қалды. Кешкі асты ішіп балам екеуміз тартып кеттік.

Абыр сабыр қармақ салатын орынды белгілеп, қадаларды қадап, айналадағы жігіттермен амандасып, хал жағдай сұрасып болып қармақ лақтырмақшымыз.

Сюрприз. Қармақ, зіл салған қобдиша жоқ. Ұмытып кетіппіз. Жігіттерден крючок, грузило стрелять еттік.

Кешкісін шамамен 2+ килолық торман шықты. Жемдерін жаңартып тамақ ішіп, түнгі поклевка күтуге жайғастық.

Таңғы үштер шамасында көзім ілініп кетіпті, 3:30 шырылдаған будильникке тұрып, жем ауыстыруға еріндім. Айналадағы жігіттердің бәрі қалың ұйқыда. Қармақтарымды сүйреп әкетпесін деп байлап қойғанмын.

Таңертең алтыда сылдырдан шошып ояндым, көршілер завозға кетіп барады екен. Жемдерді ауыстырып, шай қойдым. Шәйнек қайнай бергенде сазан қақты.

15-20 минут арпалыс болған шығар, мен үшін ұзақ боп көрінді. Сазан да мен де шаршадық. Рекорд жаңарды, 8,6 кг.

Карп қармақ «Феникс» 3,9м, тест 3,5lb арғы бетке жақын тұсқа лақтыруға мүмкіндік берді, noname катушкам подводить етті, фрикционы дұрыс емес екен, яғни балықтан айрылып қалу қаупі үлкен. Бүгінгі балық таза бұйырымыс, күршек жәбірінен ары өтіп кеткен екен, әйтпесе…

Крокодил қармақтармен алысқа лақтыру мүмкін болмағандықтан тек жмыққа шығын болды, жақыннан бірдеңе түсер деген үміт болмаса.

Жмықтар бойынша екі балық та лакомкаға түсті. Клубника және жүгері.

Мына жерден балықты шығару барысын көре аласыздар

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close