Жалпы бөлім

Сазанды жылдам еритін жымихпен коряга арасынан аулаймыз.

Жалпы Атырауда баршамыз жмыхқа сазан аулаймыз. Оған тек сазан ғана емес, барлық үлкенді кішілі ақ балық түсетінін білесіздер. Тек күршектің көлемін өзгерту арқылы керек балығымызды аулаймыз. Мысалы: сазан алу үшін үлкендеу күршек саламыз. Дей түрғанмен оған торман да, үлкен карась та түсіп жатады. Яғни дәл фильтр жасау мүмкін емес.


Ал енді осы жмыхты не үшін саламыз? Неге баяғыша пружинге нан илеп салмаймыз? Ғажабы неде?

Жалпы carpfishing қымбат ермек. Әсіресе спорттық carpfishing. Осыдан келеді де әуесқой сазан аулашылар қамырды немесе нанды илеп пружинаға отырғызып аулаған. Дегенмен бұл спорттық оснасткаларда қолданылатын жемге қарағанда эффектісі әлде қайда төмен. Міне халыққа арзан, кішкене порциямен тасмалданатын жем және оны тасмалдаушы қарапайым оснастка қажет болды.

Жымыхтың бүгінде бірнеше түрі бар, сан алуан ароматизаторлар қосылған. Ең тиімдісі жүгері жмығы, сәйкесінше түрлі ароматтарымен. Бұдан бөлек өндірушінің рецептісіне, технологиясына байланысты тез еритін не баяу еритін боп бөлінеді

Зіл, күршек, жмых дегендер расходный материал болып табылады. Оршаша есеппен бір оснасткамыз 350-500 теңге шамасында болады екен. Жасыратыны жоқ бұны да үнем көріп, зацеп болмаса екен, жмық ерімесе екен дейтіндер де бар.

Талай дүкендерден баяу еритін жмых сұрайтындарды кездестіріп жүрміз. Негізі бұл дұрыс емес. Неғұрлым жмых тез еритін болса соғұрлым эффект жылдам болады. Тек шамен еритін уақын біліп, дер кезінде ауыстырып отырған дұрыс. Оның үстіне балық деген мақұлық неше түрлі коряга арасын мекен етеді, неге десеңіз басқа жырқыш балықтан қорғану мақсатында.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close