Жалпы бөлім

Трофейді заңды түрде қалай аулаймыз?

Ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап, «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген болатын.

Осы бұйрық БАҚ көздерінде жарық көргеннен бері әуесқой балық аулаушылардың қуанышында шек болмады. Ол туралы azh.kz, caspianlife.kz порталдары бірінші болып бұқараға жеткізген болатын. Дегенмен мақалаларының бір бүкпесі болды, оны біреу білсе біреуі білмеді. Дегенмен бұйрығымыз бекіді ғой деп жүре берген балық аулаушыларды тағы бір тосын сый күтіп тұрды. Яғни, «Тәуліктің түнгі уақытында балық аулауға тыйым салу енгізілсін,» — деген сөйлем бұйрықтан түгелімен түсіп қалғанына қарамастан балық аулаушыларға айыппұл салу фактлері тіркелгені туралы ақпарат балықшылар вацап топтарында кеңінен тарады. «Қай жерде түнгі мезгілде аулауға болады, деп жазылған,»-дегендердің де армиясы аяқ асты құрылып, «Болады» , «Болмайды» деушілер болып, екі күннен бірі қызу талқыға түсіп отыр. Осы және басқа да мәселелер жөнінде анығын білмек болып, бақық шаруашылығы инспекциясы маманы Тушканов О. мырзаға хабарласқан болатынбыз, ол өзінің еңбек демалысында екенін айтып, баспасөз хатшысы Р. Қорқытовтың телефонын беріп шығарып салды. Баспасөз хатшысы өз кезегінде қандай да бір белгісіз анализдер тапсыру керектігін алға тартып, интервью беруден бас тартты. Жарайды дедік те Өз күшімізбен іздестіруге кеттік.

Төмендегі кестеде бұйрықтың бізді қызықтыратын 1 қосымшасы 23 пункітінің ескі және жаңа рекдациялары келтірілген

Ескі редакцияЖаңа редакция
Кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:

1. Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 1 сәуірден 15 шілдені қоса алғандағы аралықта;

2. Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде мұз қатқан кезеңде сейсенбі және сәрсенбі күндері;

3. Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;

4. Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде және оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 10 сәуірден 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;

5. Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарда 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;

6. тәуліктің түнгі уақытында балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

*Қызығы бұйрық күшіне енсе де egov сайтында әлі ескі редациясымен тұр.
Кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:

1. Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 15 мамырдан 15 маусым қоса алғандағы аралықта;

 2. Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;

 3. Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде және оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 15 мамырдан 15 маусым қоса алғандағы аралықта;

 4. Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарда 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.»

*Өздеріңіз көріп отырғандай, жаңа редакцияда қыс мезгіліндегі сейсенбі, сәрсенбі күнгі тыйым және тәуліктің түнгі уақытындағы тыйым түсіп қалып отыр.

Бұл кестеден кқріп отырғандай, келісі жылдан бастап Атырау облысы шегінде 15 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйм салынған, мұз тұрған кезде сейсенбі, сәрсенбі күндері балық аулауға болады, түнгі мезгілде балық аулауға болады.

Бұл бір біткен шаруа болса, инспекция ескертіп жатырғандай адам басына 5 крючок, 5кг балықтан артық болмайды. Ал, 5 келіден үлкен балық түссе қайтеміз дейді, трофейщик жігіттер. Осы туралы Caspianlife мақала жариялаған екен. Тек қана бір үлкен балық емес жалпы бес келіден артық балық аулау үшін Egov порталы арқылы жануарлар дүниесін пайдалынуға рұхсат беруге тапсырыс беру арқылы рұхсат аламыз. Артық килограмм ақысын салық кодексі 852 бабы, 3 тармағында көрсетілген кестеге сәйкес төлейміз.

Әзірге осы тойғанымызбен жағаға шығамыз. Баршамыздың қармағымыз қанды болсын, ағайын.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close