Өзім туралы

Балық аулауды ауылға көшіп келген соң бастадым, шамамен 2012-13жж.

Ол кезде жай ғана аулайтынбыз, балыққа прикормка салу дегенді тек ютубтан көретін едік. Көргеніңді істегің келсе де дүкенде ол зат болмайтын. Бертін келе Жайық тартылды, балық та азайды, ютубтағы дүниелер дүкендерге келе бастады.

Балық аулауды кәсіп көрген емеспін, тек демалыс қана. Соңғы жылдары комфорт іздейтін болдым, қысқы палатка алдым, кішкене газ плита, шай қайнатқанға, қармақтың да сапасына мән бере бастадым.

Жалпы осы блогта Сіздермен барлық эксперименттеріммен бөлісіп отырамын.

Back to top button
Close